Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 07 Маусым 2017
Бүгін облыс орталығындағы «Достық үйінде» Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІІІ сессиясы өтті.
«Жаңғырудың негізі – тұрақылық, бірлік, келісім» атты шараға аймақ басшысы Болат Бақауов, этно-мәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты.Аймақ басшысы Болат Бақауов өңірдегі этномәдени бірлестіктер жұмысын жүргізіп, сан түрлі ұлттың мәдениеті мен тілін, діні мен ділін жаңғырту үшін ауқымды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, жуырда ғана жарық көрген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобалары аясында атқарылатын жұмыстар жайы сөз болды.
Толығырақ...Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесі өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 06 Маусым 2017
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-де конференц залында Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесі өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің күн тәртібі «Жаңғырудың негізі: тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбында өтті. Жиынға облыстық ЭМБ басшылары, қоғамдық келісім кеңесі, ақсақалдар алқасы және аналар кеңесі мүшелері, ғылыми-сараптамалық тобы мен Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебіның оқытушылары, сонымен қатар, облыстық жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің белсенділері қатысты. Іс-шараның пленарлық отырысын облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпысбаев ашты.
Толығырақ...«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 23 Мамыр 2017
Жыл басында «Мың бала» республикалық мәдени- ағартушылық жобасы Павлодар облысы бойынша бастау алып, облысымыздың барлық оқу мекемелерінде, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиенушілері арасында өткізілді. Міне бүгін, облыстық деңгейде жеткен қатысушылар өзара бақ сынасып Республикалық сайысқа жолдама алды. Бұл сайыс екі этаптан тұрады, біріншісі өзің-өзі таныстыру, екіншісі шешендік өнер.
Толығырақ...“Бірлік” этнофестивалі- достық үйлесімі.
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды 21 Мамыр 2017
21 мамыр күні “Достық” концерттік залында дәстүрлі “Бірлік” этнофестивалімен Ұлттық жаңғыру мектебі оқу жылын тәмандады. Фестиваль катысушылары: 14 ұлттық бөлімшелерінің тәрбиеленушілері, хореографиялық және вокал топтары. Сонымен қатар фоейеде қонақтар мен ата-аналар назарына тәрбиеленушілердің қол өнер туындылары мен жетістіктері, педагогтардың әдістемеліктері ұсынылды.
Фестиваль шымылдығын “Достық” домбырашылар ансамбілі ашып, әр бөлімше көрермендерге ұлттық нақыштағы өнерлерін паш етті.
Толығырақ...