Армян халқының мәдениеті күні өтті

5272Өткен демалыс күндері қалалық және мәдениет саябағында «Айреник» этномәдени бірлестігінің мәдениіті күні өтті. Мереке ұлы даламыздың үні -домбыраның күмбірлеген күйімен ашылды.

Толығырақ...

Сексен жасында да сергек

5231Ел ішінде адал еңбек, маңдай терінің арқасында биік белестерді бағындырып, көпке үлгі болған азаматтар аз емес. Соның бірі, саналы ғұмырын өңірдің гүлденуіне арнаған, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, «Ватан» әзербайжандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы - Джафар Махмудов.

Өмірінің 55 жыл уақытын еңбекке арнаған Джафар Джафарұлы биыл 80 жасқа толып отыр. Еселі еңбек иесінің мерейтойы ескерусіз қалған жоқ. Салтанатты жиында еңбек ардагерінің қуанышына ортақтасып елдің елеулі азаматтары, ардагерлер қауымы, Облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Нұр Отан» партиясы мен мемлекеттік органдардың өкілдері, қызметтес болған әріптестері мен туыстары арнайы қатысты.

Толығырақ...

Павлодарда «Қауын мерекесі» өтті

5225Павлодар қаласның орталық саябағында жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестиваль аясында, тәжік мәдениетінің күні өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Ситорай сомон» тәжік этномәдени бірлестігі. Осы жолы бірлетік белсенділері мен шығармашылық ұжымдарының қатысушылары қала тұрғындары мен қонақтарына «Қауын мерекесін» ұйымдастырды. 

Толығырақ...

«Бір шаңырақ астында» фестивалі аясында чуваш этномәдени бірлестігі өнер көрсетті

5212Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ЭКСПО-2017 көрмесіне арнап өткізіп жатқан жазғы фестивальдің аясында, демалыс күндері чуваш этномәдени бірлестігі өз өнерін көрсетті. Облысқа танымал «Сеспель» чуваш фольклорлық ансамблі халық әндері мен билерін орындады. Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты.

Толығырақ...