6709Кеңес отырысында 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жариялаған бес әлеуметтік бастаманы іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәселесі талқыланды.

Бұл мәжіліске Елбасымыздың әлеуметтік бастамалары бойынша бағдарлама әкімшілері, кәсіпкерлерге шағын несие беру мен ауыл шаруашылығы саласындағы жобалар бойынша қаржы операторлары, екінші деңгейлі банктердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Облыстың құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қадырұлы Ажмұрат «Тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты алғашқы бастаманың жүзеге асу барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Өз сөзінде қазіргі уақытта «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй несиелеу бағдарламасы аясында 195 пәтер сатып алуға болатынын мәлімдеді.

Биылғы жылдың соңына қарай «Нұрлы Жер» бағдарламасына сәйкес Павлодар және Екібастұз қалаларында 893 пәтер пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Бағдарламаға сәйкес Павлодар және Екібастұз қалаларында жеке тұрғын-үй құрылыс жобасы пилоттық жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.

Үшінші бастама бойынша «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттік жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» тақырыбына облыс білім беру басқармасының басшысы Сәуле Уәлиқызы Алекпарова сөз сөйледі.

2017-2018 оқу жылында колледж студенттері үшін екі жатақхана пайдалануға берілді.

ПМУ, ПМПУ, ИнЕУ студенттері үшін жатақхана, Көлік және коммуникация колледжінің студенттері үшін екі жатақхана және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері үшін жатақхана салу жоспарлануда.

«Микрокредитті кеңейту» төртінші бағыты бойынша облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Айдос Мерекеұлы Сәкенов, облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Марат Рашитұлы Шугаев сөз сөйледі.

2018 жылы қалаларда шағын несиелеу үшін 426,9 млн. теңге, оның ішінде Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тапсырмасы аясында қосымша 263,7 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толық көлемде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на аударылды. Қазіргі уақытта 5 шағын несие беріліп, 6 жоба мақұлданды.

Облыстың ауыл мен шағын қалаларын шағын несиелеуге ағымдағы жылы 1 185,4 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие қарастырылды. Бұл көлем ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап шағын несиелеуді бастаған бағдарлама операторлары арасында үлестірілді. Бағдарламаның операторлары «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ болып табылады. Қазіргі уақытта 179 жоба қаржыландырылды, бұл 280 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Республикалық бюджет комиссиясының шешімі бойынша қосымша 600 млн. теңге бөлінді, ол тағы 62 жобаны қамтуға мүмкіндік береді, оның ішінде микро бизнесті ашуға, қолданыстағы бизнесті кеңейтуге және ауылшаруашылығы қауымдастығын дамытуға арналған 12 стартап жоба.

Бұдан басқа, өңірдегі ауылдық жерлердегі шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсету құралы ретінде «ҚазАгроГарант» ПФ АҚ-ның шағын несиелеріне кепілдік беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Биылғы жылы «Бастау бизнес» жобасының аясында 1765 адамды (2017 жылы – 937 адам) оқыту, одан кейін 356 қатысушыны (20%) шағын несиелеуге бағыттау жоспарлануда.

Атқарушы органдардың негізгі бағыттарды іске асыру туралы ақпараттарын талқылау барысында Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен ұсынымдарды әзірлеу үшін ұсыныстар енгізілді. Аймақтық қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс тобы екінші деңгейлі банктер, құрылыс және қаржы бөлімдерімен бірлесе отырып, екінші тұрғын үй бағдарламасы, жеке тұрғын үйге арналған бастапқы тұрғын үй бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері туралы ұсыныстар әзірлеу және облыстағы «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұсынды.

Фото

6710

Фото

6711

Фото

6712

Фото

6713

Фото

6714

Фото

6709